Заңғар Нұрланұлы биылғы үшінші титулын жеңіп алды

09:56, 8 желтоқсан 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисші финалда нидерландылық, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездесті.

Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді.

Бұл - қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!