Зайнутдинов екі доп соғып, «Ростов» «Спартакты» сан соқтырды

08:45, 9 желтоқсан 2019

Ресей чемпионатының 19-шы турында "Ростов" ойыншылары мәскеулік "Спартакты" сырт алаңда ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен кездесу 4:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

22-ші минутта "Ростовтың" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар кезде "Ростов" ойыншысы Ивелин Попов 11-метрлік пенальтиді сәтті орындай алмады.

53-ші минутта Алексей Ионов, 79-шы минутта Дмитрий Чистяков есепті 3:0-ге жеткізді.

81-ші минутта "Спартак" сапынан Эсекиэль Понсе доп соққаны сол еді, бір минуттан кейін Зайнутдинов дубль авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында "Ростов" 34 ұпай жиып, турнир кестесіндегі үшінші орынға шықты. 22 ұпаймен қалған "Спартак" әзірге оныншы орында келеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!