Юлия Галышева фристайлдан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдені жеңп алды

19:37, 19 ақпан 2017
372

Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы фристайлдан үздігі Юлия Галышева бүгін Жапонияның Тазавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшы күміс жүлдені параллелді могулден жеңіп алды. Бұл – Юлия Галышеваның биылғы Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жетістігі.

Галышева тек америкалық Джейлин Кофқа есе жіберді. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Оливии Джиаджиоға бұйырды.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд жүлделі орынға сынық сүйем жетпей, төртінші орынды иеленді. Канадалық Микаэль Кингсбери кезекті алтынын алды. Күміс жүлдені Бенджамин Каве алды. Австриялық спортшы Мэтт Грэхам қола жүлдегер атанды.

Ерлерден құраманың өзге спортшылары айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады. Павел Колмаков 16-шы, Дмитрий Бармашов 35-ші орынды місе тұтты.

Естеріңізге салсақ, кеше могулден Дмитрий Рейхерд 16-шы орында қалып қойған. Павел Колмаков 20-шы, Дмитрий Бармашов 29-шы орыннан аса алмаған.

Біздің фристайшылар үшін келесі ірі жарыс Азия ойындары болмақ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!