Я.Шведова Miami Open жарысының екінші айналымынан өтті

10:07, 23 наурыз 2017
452

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Miami Open жарысының екінші айналымынан өтті.

Қазақстандық спортшы Майами турнирінің бірінші айналымында Сербия өкілі Елена Янковичті 4:6, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтты. 

Шведова үшін бұл соңғы 8 жыл көлемінде болған сәтсіздіктерден кейінгі алғашқы жеңіс болып отыр. Келесі раундта Ярослава ресейлік Анастасия Павлюченковаға қарсы шығады. 

Янкович (Сербия) - Шведова (Қазақстан) - 6:4, 4:6, 6:7. 

«Бүгінгі жеңіске қол жеткізу оңай болған жоқ. Барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесіме құттықтаймын!!!», – деп жазды спортшы өзінің Инстграмдағы аккаунтына.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!