WTA: Зарина Дияс 37 сатыға жоғарылады

14:35, 18 қыркүйек 2017

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA-ның (Әйелдер теннис қауымдастығы) жаңарған рейтингінде 37 сатыға жоғарылап, 63-орынға табан тіреді.

Кеше Зарина Жапония астанасы Токиода өткен Japan Women's Open Tennis халықаралық турнирінде топ жарып, WTA санатындағы турнирде алғаш рет жеңімпаз атанды. Финалда жапон теннисші қызы Мию Катоны жеңді.

- Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын! Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға мыңда бір рақмет! Алға, Қазақстан! – деп жазды теннисші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осы жарыста Зарина Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцевамен де кездесіп, ширек финалдық сында 2:1 (4:6, 6:1, 6:3) есебімен жеңіске жетті.

Ал Юлия Путинцева жаңарған рейтингте 4 орын жоғарылап, 48-орынға жайғасты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!