WBC: GGG мен Канелоның қарымта кездесуі таяу арада өтуі керек

18:03, 13 қазан 2017
466

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта кездесуді келесі жылдың мамырында өткізу үшін қолынан келетіннің бәрін жасайтыны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды BoxingScene.

«Қарымта – мен үшін басты мақсат. Қазір демалысқа шыққым келеді, жекпе-жекті мамырда өткіземіз деген мақсат бар. Қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Енді бәрі оларға байланысты (Головкиннің командасына), олар қарымта кездесу өткізгісі келе ме, жоқ па соған. Жеке мен жекпе-жекті қалаймын. Келіссөздер жүргізу керек: барынша мамырда», – дейді Альварес.

Мұның алдында белгілі америкалық спорт шолушысы Дэн Рафаэль Эрик Гомес пен Том Леффлер келесі аптада кездесіп, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөз өткізбек екені туралы жазған.

Еске слайық, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтіп, төрешілер шешімі бойынша қарсыластар тең түскен.

Екінші жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда өтуі мүмкін екені айтылып жатыр. Дегенмен Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин мен «Канело» арасындағы қарымта кездесу жақын уақытта өту керек деген шешім шығарды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!