Владимир Кличко үздік 10 аса ауыр салмақтағы боксшыны атады

11:10, 19 тамыз 2017
447

Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко бокс тарихындағы үздік 10 аса ауыр салмақтағы боксшыны атады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

«Әрине, Джо Луис бұл тізімге кіреді. Мен оның рекордын жаңартқым келген. Сонымен қатар бұл тізімде жеңіліс дәмін татпаған Рокки Марчиано болуы қажет және Томас Хирнс. Одан үйренгенім көп. Бапкерімізде бір болған. Бірге талай жаттыққанбыз. Оның жұдырықтасу стилін қайталауға тырысатынмын. Сөзсіз, бұл тізімді Мұхаммед Әлисіз елестету мүмкін емес. 

Бесінші кім? Мүмкін менің ағам шығар. Не себепті дейсіз ғой? Өйткені ешқандай әлем чемпионы мэр болған емес», – деп келтіреді Кличконың сөзін «Чемпионат» сайты. 

Бұған дейін аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон украиналық Владимир Кличконы бокс тарихындағы үздік 10 боксшының қатарына қосқан болатын. 

Украиналық боксшы Владимир Кличко тамыз айының басында мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. 41 жастағы боксшы 11 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған Энтони Джошуамен екінші кездесуден бас тартты. Кличко 21 жылға жалғасқан кәсіпқой боксшы мансабында 69 кездесу өткізіп, оның 64-інде жеңіске жетсе, 5 кездесуде жеңілістің кермек дәмін татты. 53 кездесуде қарсыласын нокаутқа құлатты. 

Ол өз мансабында WBO (2000-2003, 2008-2015), IBF (2006-2015), IBO (2006-2015), WBA (2011-2015) ұйымдарының белбеуі мен The Ring (2009-2015) журналының арнайы белбеуін иеленген. Соңғы жекпе-жегін Владимир Кличко 2017 жылдың 29 сәуірінде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткізіп, британдық Энтони Джошуадан жеңіліп қалды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!