Виктория Графеева Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

15:37, 10 желтоқсан 2024

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының спортшысы Виктория Графеева бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, сәтті нәтиже көрсетті. Шешуші кездесуде қазақстандық боксшы Қытай спортшысы Цян Лиден басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль әкелген Виктория Графеева. Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!