Велоспорт: Алексей Луценко «Дварс доор Влаандерен» жарысында қола алды
«Астана» командасының шабандозы Алексей Луценко «Дварс доор Влаандерен» (Әлемдік тур) жарысында үшінші орын алды, деп хабарлайды команданың ресми сайты.
Пелетоннан суырылып шыққан үш шабандозбен отандасымыз бірге болды. Мәреге 9 шақырым қалғанда Бельгия чемпионы Жильбер шабуылға шыққан.
Бірақ Луценко бұған жауап қайтарып, өз орнында қалды. Кейін Лампарт көш басына шығып, алға оза алды. Бұл шабуыл Лампартқа жеңіс әкелді. Кейін екінші болып Жильбер мәре сызығын кессе, қазақстандық үздік үштіктің қатарынан көріне алды.
«Жарыс қиынға соқты, бірақ менің нәтижеге көңілім толады. Жильбер шабуылды алыстан бастады. Мен оның соңына түсе алдым. Дегенмен үшінші орын да жаман нәтиже емес. Quick-Step командасының екі шабандозына қарсыласу қиынға соқты. Бірақ осындай ауыр әрі маңызды жарыста жүлдегер болудың өзі көңіл қуантады. Алда әлі екі жарыс бар. Сол қашықтықтарда бұдан да биік нәтижеге жете аламын деп үміттенемін», – деді Алексей Луценко.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды