Василий Левит неміс боксшысын нокдаунға жіберді

08:20, 16 ақпан 2017

Олимпиада жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді.  

Бұл туралы қазақстандық спортшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобында айтылған.

Жекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен. 

Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спаринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік.

Еске салайық, 91 салмақ дәрежесіндегі спортшы Василий Левит Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс медальді жеңіп алды. 

Сондай-ақ ол Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!