V Азия ойындары: Қазақстан құрамасы бесінші орында

07:24, 19 қыркүйек 2017
458

Бұл күндері Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта жабық кешендегі спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын 3 күміс 6 қола медальмен 5-орында келеді.

Кеше қазақстандық жеңіл атлеттер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ядро лақтырудан Иван Иванов, сырықпен секіруден Сергей Григорьев, ұзындыққа секіруден Ольга Рыпакова жарыс жеңімпазы атанды.

Иван мен Сергей жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша түрікмен спортшылары командалық есепте қара үзіп тұр. Олар 29 алтын 21 күміс 12 қола медаль еншілеп үлгерген. Екінші орында 4 алтын 2 күміс 6 қола медальмен Иран спортшылары келеді. Үштікті 3 алтын 5 күміс 20 қола медальмен өзбек спортшылары қорытындылап тұр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!