Үш қазақстандық жүзгіш Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты

16:14, 8 қараша 2025

© Сурет: olympic.kz

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында жүзу жарыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан құрамасынан үш спортшы жартылай финалға өтті.

Ерлер арасында Әділбек Мусин өз іріктеу кезеңінде бірінші болып келсе, Максим Сказобцов екінші нәтижемен мәреге жетті.

 

Ал Софья Сподаренко алдын ала кезеңде үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, жартылай финалдық жарыстар 8 қарашада өтеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!