Уоррен: Сондерс Головкинмен жұдырықтасу үшін Қазақстанға баруға дайын

21:43, 25 наурыз 2017
480

Қос тарап қазіргі таңда келіссөздер жүргізіп жатыр.

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы айтып берді.

«Келесі аптада Билли Джо Сондерс пен Геннадий Головкиннің арасындағы өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы жаңа ақпараттар естіп қалуымыз мүмкін. Сондерс Головкинмен жұдырықтасу үшін Қазақстанға баруға әзір. Біз тек оның командасының шешімін күтіп отырмыз», – дейді Уоррен.

Vesti.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!