Универсиаданың мәдени іс-шаралары таныстырылды

23:10, 17 қаңтар 2017

Бүгін Алматыда 28-ші Қысқы Универсиаданың бағдарламасы таныстырылды. Ресми және мәдени іс-шаралар негізінен қаланың орталығында өткізіледі.

Қонақтар үшін көрмелер мен түрлі фестивальдар ұйымдастыру қарастырылған. Сондай-ақ бүгін журналистер Универсиаданың медальдарымен жақынырақ танысты. 

Жеңімпаздарға арналған жүлделер жиынтығы «Қазақстан теңге сарайында» жасалған. Алтын және күміс медальдар 925 сынамалы күмістен тұрады. Алтын медаль алтынмен қапталған. Медальдардың салмағы – 280 грамм, қола медаль – 200 грамға жуық. 

28-ші Қысқы Универсиада кезінде спорттың 12 түрінен 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Мамандар: «Мәдени бағдарлама аясында ұлттық өнерімізді де кеңінен насихаттаймыз», – деп отыр.

Дидар Сағадиев, Универсиада Дирекциясы директорының орынбасары 

-Біздің ұлттық нақышта операмыз бар, балетіміз бар және де театрымыз бар. Әрбір осындай мәдени іс-шаралардың ішінде біздің еліміздің мәдени құндылықтарын, оның қандай спецификасы бар екенін көрсетпекпіз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!