Универсиадаға Ұлыбританиядан 70-тен астам спортшы қатыспақ

12:52, 18 қаңтар 2017

«Ұлыбритания Алматыда өтетін 2017 жылғы Универсиадаға жетпіс бір спортшы жібереді», – деп хабарлады Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция.

Британдық атлеттер спорттың он түріне қатысады: фристайл, тау-шаңғы спорты, керлинг (Е, Ә), мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (Е, Ә), шорт-трек, шаңғы жарысы, слоупстайл және сноуборд. 

Делегация өкілдері алдыңғы жарыстарда жақсы нәтиже берген құрама командасының нәтижелі ойын көрсететініне сенім білдіреді.

Ұлыбритания делегациясы басшысының орынбасары Викки Кэмпбелдің айтуы бойынша, спортшыларда жаттығудың белсенді кезеңі өтіп жатыр.

«Біз спортшыларымыз керлингтен медаль алады деп сенеміз. Себебі біз соңғы Универсиадаларда осы спорт түрі бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген болатынбыз. Әрбір елдің өзінің күшті жақтары бар, біз қызықты әрі әділ бәсекелестік күтеміз», – деді ол.

Корольдік делегациясының мүшелері Қазақстанға 2016 жылғы қыркүйекте келген болатын.

«Бізге Алматы қаласы өте ұнады. Адамдар жылы шырайлы әрі ашық. Өз тарапымыздан біз жаңа достар табуға мүмкіндік беретін жақсы ұйымдастырылған, қызықты ойын күтеміз», – Викки Кэмпбелд.

Ұлыбритания барлық қатысушыларға Универсиадада сәтті өнер көрсетуді және мәңгілік есте қалатындай естеліктер тілейді.  

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 29 қаңтардан 8 ақпанға дейінгі кезеңде Алматы қаласында өтеді. 

Алдағы жарыстарға әлемнің 60 елінен 2000-нан астам спортшының қатысуы жоспарлануда. Спорттың 12 түрі бойынша 86 медаль жинағы ұтысқа шығарылады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!