Универсиада алауын алып жүретіндер анықталды

21:37, 12 қаңтар 2017

28 Қысқы Универсиада алауын Қазақстан бойынша алып өтетін жастардың тізімі белгілі. Маңызды миссия 1000 адамға жүктелді.

Олардың дені – ғылым, мәдениет пен спорт саласында жетістіктерге жеткен 17-28 жас аралығындағы студенттер.

Сондай-ақ әр жылдары елімізді әлемге танытқан Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Назым Қызайбай, Дмитрий Баландин, Мөлдір Мекенбаева сынды спортшыларымыз бар.

25 қаңтарда Астанада 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада алауы тұтанады. Бес күн бойы әр облыс орталығында оны жағуға арналған салтанатты шара өтеді. 

Студенттік ойындардың астанасында алауды 100 адам көтеріп өтеді. 

Жалпы Универсиада алауы 22 500 шақырымды бағындырады. Оның 200 шақырымын жаяу жүріп өтпек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!