УЕФА ең үздік ойыншылар тізімін жариялады

13:37, 17 тамыз 2017

УЕФА өзінің ресми сайтында  жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz

Үздік үштікке Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду, Аргентина мен каталондық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси және Италия құрамасы мен туриндік «Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон кірді.

Үздік ондыққа кірген өзге футболшылар:

4: Лука Модрич (Хорватия, «Реал») 

5: Тони Кроос (Германия, «Реал»)

6: Пауло Дибала (Аргентина, «Ювентус»)

7: Серхио Рамос (Испания, «Реал»)

8: Килиан Мбаппе (Франция, «Монако»)

9: Роберт Левандовски (Польша, «Бавария»)

10: Златан Ибрагимович (Швеция, «Манчестер Юнайтед»)

Еуропа футбол қауымдастығы одағы кәріқұрлықтың үздік футболшысын 24 тамыз күні Монако қаласында Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тастау рәсімінде салтанатты жағдайда жария етеді. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!