Түркия Еuro-2024 финалын өткізуге үміткер қалаларды атады

08:02, 21 қазан 2017

Түркияда Еuro-2024 финалын өткізуге үміткер қалалар аталды.

Түркияның футбол федерациясы (TFF) 2024 жылы Еуропа чемпионатының финалдық матчтарын өткізуге үміткер қалалар мен стадиондарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» Агенттігіне сілтеме жасап. Тиісті тізім TFF-тің атқарушы комитетінің 17 қыркүйек күні өткен отырысы барысында бекітілген болатын. 

- Ыстамбұл («Ататүрк» олимпиадалық стадионы және «Түрк Телеком» Арена) 

- Бурса («Бурса» муниципалитетінің стадионы) 

- Анталья («Анталья» стадионы) 

- Эскишехир («Эскишехир» жаңа стадионы) 

- Газиантеп («Газиантеп» стадионы) 

- Кайсери («Кадир Хас» стадионы) 

- Трабзон («Медикал Парк») 

- Коджаэли («Коджаэли» жаңа стадионы)  

- Анкара («Анкараның» жаңа стадионы).

Аталмыш тізім УЕФА-ға 2018 жылдың 27 сәуірі күні тапсырылатын болады. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы өтетін орын 2018 жылдың қыркүйек айында анықталады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!