Том Лёффлер: Головкин-Канело айқасы осы жылы өтуі мүмкін

08:30, 15 қаңтар 2017

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Лёффлер FightHub  берген сұхбатында мексикалық Саул Альварес «Канело» (48-1-1, 34 КО) командасымен болашақтағы айқас жөніндегі келіссөз жайлы айтты. 

«Біз қазір Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жекке қызу дайындық үстіндеміз. Егер Геннадий оны наурызда  жеңетін болса, ал Канело өз жағынан мамырда басым түссе, онда олардың қыркүйектегі айқасы жөнінде  айтуға болады. Біз жекпе-жекті ұйымдастырамыз деген сенімдеміз. Жеке өз басым бұл кездесу осы жылы болады деген ойдамын», – деді Лёффлер.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!