Токио-2020: Көп үміт күткен Левит техникалық нокаутқа ұшырады

16:40, 27 шілде 2021

© Сурет: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметіне сүйенсек, 91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.

Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!