Т.Леффлер: Головкин бұл айқаста жеңіп шықпаса, болашақтағы барлық жоспары өзгереді

16:16, 17 қаңтар 2017
335

Том Леффлер Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс айқасының коммерциялық табысы жайлы өз болжамдарын айтып берді. 

«Егер Дэнни Джейкобс секілді Нью-Йорк жұртшылығына танымал боксшының кездесуін өткізсең және оған Геннадийді қоссаң, жанкүйерлердің тамаша белсенділігін көруге болады. Билеттердің сатылымына деген қызығушылық орасан. Жекпе-жек АҚШ-та НВО PPV арнасынан әлемнің жүзден астам еліне трансляцияланады. Екі боксшы да бір-біріне мықты қарсылас болғалы тұр», – деді Леффлер Boxingscene.com сайтына.

Геннадийдің PPV арқылы көрсетілген алдыңғы жекпе-жегі 150 мыңнан астам трансляциялық сатылымға ықпал етті. Промоутер 18 наурызға дейін олардың Джейкобске көңіл бөлгенін, Канеломен кездесу шаруаларын кейінге қалдырғанын мәлімдеді. 

«Барлығы 18 наурызға назар аударып отыр. Себебі Головкин бұл айқаста жеңіп шықпаса, болашақтағы барлық жоспары өзгереді. Дэнни де өзінің мықты екенін көрсеткісі келеді. Бұл жекпе-жекте жеңілген боксшы болмайды. Екеуі де өз беделін көтереді. Бізде 100 долларлық 5000 билет бар және бұл сомаға сіздер GGG, Дэнни Джейкобс және Роман Гонсалес сынды боксшыларды көресіздер. Қосымша өзге де андеркард кездесулер жанкүйерлер үшін қызық болмақ», – деді Том Леффлер.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!