Теннис: Зарина Дияс Қытайда ақтық сынға өтті

14:19, 15 сәуір 2017
501

Қазақстандық теннисшіге Қытайдағы ITF Women's Circuit турнирінде жеңу үшін бір ғана қадам қалды.

Ширек финалда Зарина жапон Маи Минокосиді 6:0, 6:1 есебімен екі сетте жеңді. Ал жартылай финалда қазақстандық теннисші 6:1, 6:4 есебімен Лу Цзинцзиньді қапы қалдырды.

Финалда Дияс Ли Я Хсуаньмен кездеседі. Турнирдің жүлдеқоры 25 мың долларды құрайды. 

prosports.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!