Теннис: Зарина Диас Наньнин турнирінің екінші айналымына өтті

09:34, 12 сәуір 2017

Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан жарыстың екінші айналымына өтті. 

Наньнин қаласында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры – 25 мың АҚШ доллары.  

Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан ITF Women's Circuit турнирінде жиырма екі жастағы Қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебінде ұтып жарыстың екінші айналымына өтті.

Екінші раундта Зарина жапондық тениисші бойжеткен Мияби Инуэмен (543) кездеседі. Ол бірінші айналымда жерлесі Аяно Шимицудан басым түскен болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!