Теннис: Шведова мен Кинг ширек финалға шықты

10:11, 27 наурыз 2017

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты.

Екінші айналымда қазақстандық-америкалық жұп Анастасия Родионова/Дарья Юрак дуэтінен басым түсті – 7:5, 6:2.

Miami Open турнирінің ширек финалында Ярослава мен Ваня Саня Мирза/Барбора Стрыцова - Тимеа Бабош/Анастасия Павлюченкова кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!