Тараз қаласының мектебінде футбол сабағы пән ретінде енгізілді

14:19, 13 қыркүйек 2017
876

Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 орта мектеп-гимназиясының базасында өңірімізде балалар футболын дамыту жөніндегі семинар өтті.

Жиынға 30-дан астам қала мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен спорт саласының өкілдері қатысты.

Биылдан бастап білім саласына енгізілген жаңа өзгерістердің бірі – 1–4-сынып аралығындағы мектеп оқушыларының дене шынықтыру пәніне футбол сабағын үшінші пән ретінде енгізу.

Мәселен футбол сабағы бұрын жыл бойына жоспарға сай өткізілетін болса, биылдан бастап ол апта сайын міндетті түрде өткізіледі.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына бірден футбол ойнатпай, оларды алдымен футбол ойынының техникасымен таныстырады. Тіпті қазақ футболы, атақты теңбіл доп шеберлері туралы да ақпараттар берілетін болады.

«Бұл бірінші кезекте балаларды жастайынан футболға баулу үшін керек», – дейді сала мамандары. Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми практикалық орталығының жетекшісі Асылхан Әбішов пен Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаков қазір өңірлерді аралап, мұғалімдермен жиындар өткізіп жатыр.

Футбол спортын оқушының жастайынан біліп өсуі баланың оған деген қызығушылығын арттырады. Сабақ кезінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға допты қалай лақтыру, қалай тебу керектігі мен футболда қандай терминдер бар екендігін де үйрететін болады. Кездесуден кейін жиналғандарға спорт саласының өкілдері арнайы жасыл алаңда шеберлік сыныбын өткізді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!