Талдықорғанда ауыр атлетикадан республикалық біріншілік аяқталады

13:50, 11 қыркүйек 2017
288

Талдықорғанда ауыр атлетикадан республиканың жекелей және командалық біріншілігі бүгін мәресіне жетеді.

Ерлер 105 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түседі. Турнирге әр аймақтан 13 команда қатысуда. Спортшылардың 84-і ер, 48-і қыз-келіншек. Олардың арасында Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов, олимпиадалық ойындардың жүлдегерлері Карина Горичева мен Александр Зайчиков сияқты танымал спортшылар бар.

Юрий Мельников, ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының бас бапкері:

-Бұл чемпионатта жас буын спортшылардың әр қадамына жіті қарап отырмыз. Универсиадаға қатысқан бірінші нөмірдегі атлеттер де өнер көрсетуде. Осыдан кейін Ашхабадтағы Азия ойындарына барамыз. Сондықтан мықтыларды іріктеп, жоғары нәтижеге жетсек деген ниетіміз бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!