Таеквондошы Руслан Жапаров жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті

10:32, 27 шілде 2021
2027

© Сурет: olympic.kz

Токио Олимпиадасында таеквондодан бәсекелер өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, ол алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманды 11:7 есебімен ұтты.

Руслан Жапаров келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездеседі.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір