Спортшылар нәтижеге жету үшін көк сәуленің әсері
Швейцариялық университет ғалымдары спортшылардың еңбек өнімділігін арттыруға арналған ашық әдісті жариялады. Зерттеу жұмыстарына хронобиологиялық орталықтың мамандары қатысты. Швейцариялық сарапшылар спортшылардан жарыс кезінде жетістікке жету ықтималдығын қалай арттыруға болатынын сұрады және спортпен белсенді түрде айналысатын 74 жас жігітке зерттеу жүргізді.
Ғалымдар спорттық іс-шаралар теледидардан кешкі мезгілде, нағыз прайм-тайм, көп көрермен көгілдір экран алдына жиналатын уақытта берілетінін ескерді. Тәуліктің бұл мезгілінде спортшылар ойдағыдай нәтиже көрсетуі оңайға соқпайды. Сондықтан дұрыс жарықтандыру арқылы спортшылардың жүйке жүйесіне әсер етуге бола ма деген сауал туындады. Зерттеулер нәтижесі көк сәуленің мелатонин ұйқы гормондары тууын бәсеңдететінін көрсетті.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды