Шымкентте бірегей бокс орталығы пайдалануға беріледі

10:44, 18 қыркүйек 2017

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық N5 бокс спорт мектебінің құрылыс алаңын аралады.

Бүгінгі таңда жаңа ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Спорт мектебінің 2 қабатты әкімшілік ғимараты мен 210 орынды жаңа спорт залы пайда болды.

«Бұл – бірегей жоба. Мұндай орталық Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ. Иә, залдар бар, жарысқа арналған орындар бар, дегенмен алғаш болып біздің қаламызда тұтас кешен соғылып отыр. Енді біздің мектебімізде халықаралық оқу жиындарын да өткізуге болады. Барлық жағдай жасалған», – деді қалалық N5 бокс спорты мектебінің директоры Заңғар Қасқаев. 

Жоспарда – өзге аймақтардан келетін спортшылар үшін жатақхана салу. 

Бокс мектебінің ескі ғимараты да жөнделуде, мектептің жарықтандырылуы да өз дәрежесінде болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясының атқару бюросы 2017 ж. ерлер арасындағы ел чемпионатын өткізуге өтініштерді қарай келе бұл құқықты бірауыздан Шымкентке беріп отыр.

Чемпионат 6-12 қараша аралығында Шымкентте өтеді, деп хабарлайды ҚБФ сайты. Бұған дейін бұл жарысты дәстүрлі түрде жеңіл атлетика манежінде өткізу жоспарланған еді. Дегенмен бокс орталығы қонақтарды кәсіби деңгейде қабылдауға дайын болғандықтан, ел чемпионаты бокс мектебінің жаңа ғимаратында өтуі мүмкін. ОҚО бокс федерациясының өкілдері орталықтың мүмкіндіктерін бағалап үлгерді, деп жазады strategy2050.kz.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!