Серена Уильямс аяғы ауыр екендігін растады

07:27, 20 сәуір 2017

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде екінші орынға жайғасқан америкалық Серена Уильямс өзінің аяғы ауыр екендігін растады.

Бұл туралы теннисшінің өкілі Келли Буш Новактің сөзіне сүйене отырып Reuters хабарлайды.  

Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, Уильямстің тұңғышы 2017 жылдың күзінде дүниеге келеді. Бұған дейін жергілікті сайттардың бірі америкалық спортшы жүктіліктің 20-аптасында екендігін жазған болатын.  

2016 жылдың желтоқсанында Серена бизнесмен, Reddit әлеуметтік жаңалықтар сайтының негізін қалаушылардың бірі әрі иесі болып табылатын Алексис Оганянмен некелескені туралы мәлімдеген еді.

Осылайша Уильямске спорттық карьерасын уақытша тоқтатуға тура келеді. Оның биылғы жылдың Франция Ашық біріншілігі, Уимблдон мен АҚШ Ашық біріншілігі секілді Үлкен дулыға санатындағы үш турнирінен бас тартатыны анық.

Ал карьерасында Серена Уильямс WTA-де 72 турнирде топ жарып, $84,5 млн пайда тапқан.

Дайындаған: М.Асылбек

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!