Сәдуақасова ТОП-30 шахматшы қыздар қатарына енді

22:23, 26 наурыз 2017
597

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде бірінші орын алып, әлемдегі мықты шахматшы әйелдер қатарына енді. Бұл туралы Сәдуақасованың атындағы шахмат Академиясы хабарлады.

HDBank Cup Internasional Open Chess 2017 халықаралық турнирі Вьетнамда өткен. Турнирге 21 елден 103 шахматшы қатысты.

Жарысты жеңіп алған Сәдуақасова шахматтан әлемнің үздік 30 әйелі қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!