Сауль Альварес: Головкинмен кездесуге дайынмын

14:52, 20 сәуір 2017

Бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарсы өтуі мүмкін деген жекпе-жекке байланысты пікір білдірді. 

«Чавеспен өтетін жекпе-жек Мексиканың бокс тарихындағы ең мықты кездесу болатын шығар. Мен қазір басқа жекпе-жек туралы айтқым келмейді. Мен тек қазір Чавеспен өтетін кездесу туралы ойлап жүрмін. Бірақ Головкинмен кездесуге дайынмын. Мен емес, керісінше, ол менімен кездесуге дайындалуы керек. Менің келесі қарсыласым нақты кім болатынын білмеймін. Алайда мен кез келген боксшымен кездесуге дайынмын», - дейді «Канело» Fight Hub TV порталына берген сұхбатында. 

Бұған дейін Альварестің промоутері Эрик Гомес қазақстандық боксшының командасымен жекпе-жек туралы бірнеше мәселені шешіп алғанын айтқан еді. Оның айтуынша, «Канело» мен Чавес кездесуі өткеннен кейін ғана келісімшартқа нақты қол қояды екен, деп жазады kaz.vesti.kz.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!