Роналду Португалия құрамасындағы 70-ші голын соқты

13:01, 26 наурыз 2017

Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Португалия мен Венгрия құрамалары арасында өткен ойын алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды.

3-0 есебі тіркелген ойында алғашқы голды Андре Сильва соқса, одан кейінгі екі голды Криштиану Роналду өз еншісіне жазды. Осылайша Роналду Португалия құрамасы үшін соққан голдарының санын жетпіске жеткізді. 

Осы жеңісінен соң Португалия он екі ұпаймен өз тобында екінші орынға жайғасты. Ал Венгрия құрамасы болса жеті ұпаймен үшінші орында. В тобында бірінші орында ұпайдан шашау шығармаған Швейцария құрамасы келеді. Олардың еншісінде бес ойыннан соң он бес ұпай. 

Португалия – Венгрия – 3:0 (2:0)

Голдар: Силва 32, Роналду 36, Роналду 65

Португалия: Патрисиу, Пепе, Фонте, Геррейру, Соареш, Карвалью, Гомеш (Пицци 86), Мариу (Моутиньо 84), Куарежма, Роналду, Силва.

Венгрия: Гулачи, Ланг (Ловренчич 46), Винисиус, Кадар, Корхут, Надь, Бесе, Гьюрчо (Калмар 69), Гера (Пинтер 86), Джуджак, Салаи.

Ескерту алғандар: Джуджак 61, Гера 76, Кадар 83.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!