Ресейлік спортшы Расул Мирзаев өзіне жасалған қарулы шабуыл жайлы айтып берді

09:00, 13 қаңтар 2017

Ресейлік спортшы Расул Мирзаев Life.ru сайтына берген сұхбатында өзіне жасалған қарулы шабуыл жайлы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік,  31-ші желтоқсан күні Мирзаевті белгісіз бұзақылар соққының астына алып, тапаншамен атып кеткен болатын. 

«Маған 14 оқ атылды. Оның төртеуі ғана тиді. Бұның қалай болғанын білмеймін. Бұндай таңғажайып оқиға тек ертегіде ғана кездеседі. Тезірек сауығып, жаттығуға оралғым келеді. Грузиялық Леван Макашвилимен қарымта жекпе-жек өткізуім тиіс. Ол мен үшін өте маңызды», - деді Мирзаев. 

Айта кету керек, төрт оқтың екеуі спортшының басын жарақаттаса, біреуі кеудесіне, тағы біреуі Расулдың ішіне тиген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!