«Реал Мадрид» 10-шы мәрте Испания Суперкубогын жеңіп алды

09:37, 17 тамыз 2017
449

Мадридтік «Реал» мен «Барселона» футбол клубтарының Испания Суперкубогы үшін жауапты кездесуінде алаң қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның төртінші минутында есепті Марко Асенсио ашты. Карим Бензема 39-ші минутында «Барселона» қақпасына гол соқты. 

Еске сала кетейік, «Реал» бірінші матчта 3:1 есебімен «Барселонадан» басым түскен болатын. Осылайша мадридтік клуб Испания Суперкубогын осымен 10-шы рет жеңіп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!