Путинцева мен Шведова WTA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

14:07, 23 қазан 2017

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшыларының жаңартылған рейтингі шықты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Әлемнің бірінші ракеткасы ретінде бұрынғыша румындық Симона Халеп көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға испандық Гарбинье Мугуруса мен чехиялық теннисші Каролин Плишкова орналасқан.
Қазақстандық спортшылар Юлия Путинцева (53-ші орын) мен Ярослава Шведова (291-ші орын) WTA  рейтингіндегі өз позицияларын сақтап қалды.
Зарина Дияс өз кезегінде үш орын төмен түсіп, 66-орынға жайғасты. Жұптық кезеңде Шведова 28-орыннан 37-ге төмендеді. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!