Оралда 20 спорт алаңы салынады

13:12, 17 қыркүйек 2017

Қазақстандық сайыпқырандардың әлемдік спорт ареналарында жиі-жиі жеңіске жетіп, елімізде айтулы іс-шаралардың ұйымдастырылуы өскелең ұрпақтың жігерін жанып, құлшынысын арттырды.

Мемлекет те осы тарапта барынша жағдай жасап келеді. Оралда биыл барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған 20 спорт алаңы салынады. 5 алаңның құрылысы жүріп жатыр. Жаз мезгілінде мұнда волейбол, баскетбол және футбол, ал қыста балалар мен ересектердің хоккей ойнауына мүмкіндік бар. 

Сонымен қатар балалардың ойын алаңдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса мән беріледі. Бұл үшін спорт алаңшаларының еденіне арнайы материал төсеу көзделген. Ықшамаудандарда ересектердің спортпен жаттығуы үшін тренажерлер қойылады. Қалалық жастардың арасында кең таралған воркаут алаңдарын салу да басты назарда. 

Алтынбек Қайсағалиев, қала әкімінің орынбасары: 

- 20 спорт алаңына бөлініп отырған қаражат жергілікті бюджеттен және «Самұрық-Қазына Траст» компаниясының атынан 7 спорт алаңына бөлініп отыр, сондай-ақ үшеуі Қазақстанның Воркаут федерациясы тарапынан бөлінген қаржы. Жалпы сомасы 700 млн-ды құрайды. Халыққа қолжетімді жерлерде, саябақтарда, парктерде, арбатта орналастарылған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!