Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстанның «Жыл спортшысы» атанды

22:16, 14 қаңтар 2017

«Қолдауларыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін. Алдымызда бұдан да көп жеңістер болатынына сенімдімін», – деді Дмитрий Баландин сыйлықты табыстау рәсімінде.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, сыйлық 24 аталым бойынша беріледі. «Жыл ұстазы», «Жыл дәрігері», «Батыл жүрек», «Жыл блогері», «Жыл парламентарийі», «Жыл бизнесі», және тағы басқа.

Сыйлық иегерлері xалықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге 300 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!