Ольга Рыпакова V Азия ойындарындағы екінші алтын медалін жеңіп алды

20:32, 19 қыркүйек 2017

Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының төртінші жарыс күні өтіп жатыр.

Әйелдер арасына үш қарғып секіруден ел намысын қорғаған қос бірдей спортшымыз Ольга Рыпакова және Мария Овчинникова жеңіс тұғырынан көрінді. Ольга төртінші мүмкіндігінде 14,32 метрге секіріп, осы ойындағы екінші алтын медалін қанжығасына байлады. Ал Мария Овчинникова үшінші мүмкіндігінде 13,21 метр ұзындықты бағындырып, күміс медаль иеленді. Қола медальды қытайлық спортшы жеңіп алды.

Айта кетейік, бүнінгі жарыс жолында тағы төрт жеңіл атлетіміз финалда алтынға таласады. Олар: Виктория Зябкина және Ольга Сафронова (әйелдер арасында 60 метрге жүгіру), Михаил Литвин және Елена Микина (400 метрге жүгіру).

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!