Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокстағы 11-жеңісіне жетті

16:14, 17 маусым 2017

АҚШ-та осымен бірнеше жыл өмір сүріп, сонда полицей болып жұмыс істеп жүрген Шымкент тумасы Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Детройт қаласында өткен бокс кеші аясында Ниязов Доминикадан келген боксшы Рамон Геварамен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездесу бесінші раундта Димаштың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Ниязов осыған дейін бірде-бер рет жеңіліп көрмеген. Бұл – оның кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі.

Сондай-ақ бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов та мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!