Нұрзат Сабиров кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

10:42, 18 маусым 2017

23 жастағы қазақстандыққа америкалық Лорент Нельсон қарсы шыққан еді. Жекпе-жек бүгін түнде Канаданың Монреаль қаласында өтті.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, екінші орта салмақ дәрежесіндегі қос боксшы төрт раундқа созылуы керек болған, алайда жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Үшінші раундта қазақстандық өз қарсыласын соққының астына алып, рефери кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдаған. Сабиров техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Нельсон жекпе-жектен кейін дереу ауруханаға жеткізілген, оның жағы сынып кеткен болып шықты.

Осылайша, қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне мерзімінен бұрын жетіп отыр. Нельсон болса, мансап жолында екінші жеңілісіне ұшырады (екі жеңісі бар).

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!