Нұрсұлтанов пен Әшкеев АҚШ-тағы бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеді

13:24, 15 сәуір 2017

АҚШ-тың Анкасвилл қаласында Астана уақытымен 16 сәуірде таңертең өтетін кәсіпқой бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (7-0, 3 КО) америкалық Шон Кэмеронмен (10-2, 5 КО) жұдырықтасады. Екеуі де бірінші орта салмаққа лайық болды (154 фунт - 69,9 келі). Жекпе-жек форматы – үш минуттан 8 раунд.

Қазақстандық тағы бір боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) мексикалық Хавьер Ольверамен (1-0, 1 КО) алты раундқа созылатын кездесуге шығады. Боксшылар орта салмақ лимитіне лайық болды (160 фунт - 72,6 келі).

Еске салайық, бокс кешінің басты жекпе-жегі кубалық Саливан Баррера (18-1, 13 КО) мен АҚШ боксшысы Пол Паркердің  (8-1, 4 КО) кездесуі болады. Баррера Андре Уордтан (31-0, 15 KO) жеңілгеннен соң бапкер Абель Санчестің қол астынан кеткеннен кейін осымен екінші жекпе-жек өткізгелі отыр.

vesti.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!