Нұр-Сұлтанның «Барысы» ҚХЛ-да тағы ұтылды

09:36, 15 қараша 2019
26129

Нұр-Сұлтандық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің "Динамо" (Мәскеу) командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, арадағы аздаған үзілістен кейін құрлықтық хоккей лигасындағы ойындар қайта жалғасты. Елордалық команда 12 қарашада Ресейдің "Северсталь" (Череповец) клубын сырт айдында 2:1 есебімен жеңіп кетті. Нәтижесінде бес ойынға жалғасқан жеңіліс сериясын тоқтатқан болатын.

"Барыс" тәуір ойын көрсетті. Десе де есепті алғаш болып ресейлік клуб ашты. Ойынның 3-минутында "Динамо" сапынан Артем Волков ашты. Ал 7-минутта елордалық клуб қатарынан Леонид Метальников таразы басын теңестірді. Ал 19-минутта оныі әріптесі Никита Михайлис "Барысты" алға шығарды. Ресейлік клуб 36-минутта таразы басын теңестірді. Бұл шайбаны Игорь Попыгалов соқты. Нәтижесінде ойын овертаймға ұласты. Овертмайда жеңіс шайбасын мәскеулік Дмитрий Яшкин соғып кетті. Нәтижесінде "Барыс" қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Елордалық клуб ендігі үш ойынын өз айдынында өткізеді. Алдымен 19 қарашада Екатеринбургтің "Автомобилист" командасын қабылдаса, одан кейін 22 қарашада Қазанның " Ак Барс", 24 қарашада Хабаровскінің "Амур" клубтарымен сынасады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!