«Нокаутқа түсіп қалды». Бокстан Азия чемпионатында тағы екі жерлесеміз «қоланы» місе тұтты

17:56, 7 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Таиландтың Чианг Май қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында нокаутқа түсіп қалған жерлесіміз Диана Мағауяева, сол секілді өзбекстандық қарсыласымен жойқын жекпе-жек көрсете білген Милана Сафронова қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Милан Сафронова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты. Жекпе-жек өте шиеленісті өтті. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіс Хамидоваға бұйырды Осылайша, ол финалға жолдама алды, ал Сафронова 2024 жылғы АЧ-ның қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ тағы бір жерлесіміз Диана Мағауяева жартылай финалда 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық Лина Вангпен шайқасты. Үшінші раундта қытай боксшысының техникалық нокауты бұл жекпе-жектің тағдырын шешті. Осылайша, Лина Ванг құрлықтық біріншіліктің финалына шығып, "алтын" үшін таласатын болды, ал Диана Мағауяева қола медаль еншіледі.

Айта кетсек, бокстан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева, Әйгерім Сәттібаева, Ұлжан Сәрсенбаева қола жүлдегер атанған. Ал Виктория Графеева мен Аида Әбікеева финалға шыққанын жазған болатынбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!