Н.Назарбаев: Илья Ильин мен үшін чемпион болып қала береді

22:35, 13 тамыз 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралау кезінде ауыр атлетші Илья Ильинмен әңгімелесті.

Бейнежазбаны Ақорданың баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады. «Мен өзіне де айтқанмын, ол мен үшін чемпион болып қала береді», – дейді Мемлекет басшысы Илья Ильинге. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта И.Ильин АҚШ-та спорт менеджменті бойынша білім алуда. Сонымен қатар бос уақытта ауыр атлетикамен айналысатындарға шеберлік дәрістерін өткізеді. 

Еске салайық, 2016 жылдың 23 қарашасында Илья Ильиннің басы допинг дауына қалып, ХОК оның 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларында алған екі алтын медалінен айыратынын хабарлаған еді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!