Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при финалында үздік үштікке ене алмады

11:25, 8 желтоқсан 2024

© Сурет: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров Гренобльдегі (Франция) Гран-придің финалдық кезеңінде өз өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы үшінші орынды иеленді.

Төрешілер Шайдоровқа еркін бағдарлама бойынша 162,49 ұпай берді. Ол 253,75 ұпай жинап, нәтижесінде бесінші орынға тұрақтады.

АҚШ өкілі Илья Малинин жеңіске жетті – 282,12 ұпай. Жапониялық Юма Кагияма 281,78 көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Қола жүлдені Сюн Сато (Жапония) жеңіп алды – 270,82.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!