Мбаппе «Алтын бутсы» иегері атанды
© Сурет: Instagram/ReaLmadrid
Қазан айының соңғы күндері "Реал Мадридтің" жұлдызы Килиан Мбаппе өнімді еңбегі үшін бірден екі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен Мбаппеге өткен маусымдағы мергендігі үшін "Алтын бутсы" табысталды, ол Ла Лигадағы Реал Мадридтің сапындағы бірінші жылында қарсыластар қақпасына 31 гол салып тастады.
"Серіктестерге алғыс айтамын, командалық марапаттар - ең бастысы, ал "Реал" атынан ойнау - арман. Биылғы командамыз керемет". Килиан Мбаппе
Осыдан кейін Килиан екінші ай қатарынан Ла Лига сапындағы үздік ойыншы атанды. Корольдік клубтың шабуылшысы қазан айында чемпионаттың үш ойынының әрқайсысында бір-бірден гол соқты.
Марапаттау рәсімінен кейін журналистерге берген сұқбатында ол қазіргі командасын әлемдегі ең мықты клуб деп атады. Бірақ алдында ойнаған командасы жайлы айтуды да ұмытпады.
"Бұл - әртүрлі тарихы бар өте әртүрлі клубтар. ПСЖ - әлдеқайда жас клуб, ал "Реал" әлдеқашан құрылған және бай тарихы бар. Олардың мәдениеті де әртүрлі, сөзсіз, "Мадрид" - әлемдегі ең жақсы клуб, бірақ ПСЖ да үздіктер қатарына кіреді. Мен "Реал" мен "Париждің" бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын". Килиан Мбаппе
Жақында Мбаппенің шабылдаушы ерекше қабілетіне қазақстандық футбол жанкүйерлері де көз жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





