M-1 Challenge 76: қазақстандық спортшы бразилиялықтан басым түсті

14:28, 23 сәуір 2017

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Сергей Морозов Ингушетияда өткен M-1 Challenge 76 турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстандықтың қарсыласы бразилиялық Фабрисио Саррфф болды. Жеңіл салмақ дәрежесінде (61,2 келіге дейін) өткен кездесу үш раунд толығымен өтті. Жекпе-жек басталысымен Морозовқа қарсыласының бірнеше соққысыдарып үлгерді, алайда кездесуді өз қолына алып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл 27 жастағы Морозовтың спорттық мансабында жетінші кездесуі (соның үшеуінде жеңіліс тапқан).

24 жастағы Саррафф осымен оныншы рет жеңіліс тапты, сонымен қатар ол 21 рет жеңіске жеткен.

Морозов Азия чемпионатының және аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иесі атанған. ММА спорт шебері. Спортшы Ақтөбеде туған және сонда тұрады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!