Левит пен Тищенко рингте қайта кездесуі мүмкін

08:19, 19 ақпан 2017

Қазақстандық  Василий Левит Евгений Тищенкомен Олимпиададан кейінгі алғашқы турнирде кездесуі мүмкін.

«Наурыз айында Германиядағы, сәуірде Финляндиядағы жарысқа қатысуым мүмкін. Сонымен қатар WSB аясындағы жарыстарда жұдырықтасуым ғажап емес», – деді Тищенко.

Айта кетейік, Василий Левит рингке Германиядағы немесе Финляндиядағы халықаралық жарыста оралады деп күтілуде. Сонымен қатар ол «Астана Арланс» клубының резервтік құрамында жүр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!