Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне дайындалып жатыр

15:08, 14 қыркүйек 2017
295

Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте таңғы уақытта) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласы осы жылдың ең басты бокс кешіне дайындалып жатыр. Ойын-сауық қаласында бокстан бөлек қызыққа толы Дженифер Лопес немесе Лэди Гаганың концерттерінің постерлерін екі боксшының суреті басып тұр. Олар осы аптада орта салмақтағы ең үздік боксшыны анықтайды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің суреттері Лас-Вегастың жарнама тақталарында үздіксіз көрсетілуде.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке екі спорттық кешен дайындалып жатыр. Жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді. Қалған шаралар: салмақ өлшеу рәсімі, көз арбасу, баспасөз конференциясы MGM Grand қонақүйінде өтеді.

Лас-Вегастағы бұл кешенде казино және қонақүй бар. Мұнда көптеген бокс әлемінің жұлдыздарын көруге болады.

T-Mobile аренасында жекпе-жектің алдында соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр. Спорттық кешеннің алдын кішкене еден шөткелермен тазалағыш құралдармен жуып жатыр.

T-Mobile аренасының алдында кассалар мүлдем жоқ. Бәлкім бұл билеттердің 2 апта ішінде сатылып кетуіне байланысты болуы мүмкін.

Головкин мен «Канелоның» жанкүйерлері салмақ өлшеу рәсімінде көп болуы мүмкін. Алайда қазірден бастап мексикалықты қолдаушылар саны біршама көп екенін аңғаруға болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!